Қызылорда облысында Ресейден келген студенттен коронавирус табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Ресейден келген студент корронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Соңғы тәулікте жаңадан 1 дерек тіркелді. Науқас - Ресей елінен келіп, карантиндік стационарға оқшауланған студент. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты, емін хаттамаға сәйкес алуда», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Бүгінге дейін өңірде аталған диагноз қойылған 226 адам тіркелген. Оның арасынан 150 адам сауығып шықты.


Соңғы жаңалықтар