Қызылорда облысында Рождество мерекесі аталып өтілді
Елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде елімізде рухани келісім, дінаралық тұрақтылық пен толеранттылық өз жемісін беруде. Ортақ елімізді мекендеген барлық қазақстандықтардың нәсіліне, діліне, тіліне, діни нанымына қарамастан құқықтары мен бостандықтары конституцияға сәйкес қорғалуда.
«Биыл біз Конституцияның 20 жылдығын, ұлттар мен ұлыстардың басын біріктірген бірегей институт, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтеміз. 2015 жыл Елбасының Жарлығымен Ассамблея жылы болып жарияланды. Осы жылдар аралығында халқымыздың 30 пайызын құрайтын православие өкілдері де еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына өз үлестерін қосуда. Баршаңызға ынтымақ пен бірлік, қуаныш пен бақыт тілеймін. Елімізде әрқашан да рухани келісім мен бейбітшілік орнасын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мұнан соң православтар Рождество мерекесіне орай мінәжат етті.