Қызылорда облысында Руслан Рүстемов ең көп дауыс жинады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлауда Қызылорда бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ҚР Парламенті Сенаты депутаты сайлауында облыстағы 147 мәслихат депутатының 141-і дауыс беруге қатысты. Дауыс беру нәтижесінде Жорабек Нұрымбетовке 18, Руслан Рүстемовке 95, Асылбек Шәменовке 27 депутат қолдау білдірген.

Руслан Рүстемов 1968 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т. Көмекбаев ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қаласындағы Қызылорда педагогикалық институтының «Филология» оқу-ғылыми кешені оқытушысы, директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

1997-2002 жылдар аралығында Қызылорда қаласы әкімдігінде жауапты қызметтер атқарған. 2002-2014 жылдары Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеуметтік -саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, әкімінің орынбасары. Қызылорда облыстық ішкі саясат, Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармаларының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал 2014 -2022 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, Жаңақорған ауданының әкімі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Сырдария, Жаңақорған аудандарының әкімі болды.

2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы қызметін атқаруда.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар