Қызылорда облысында шағын шаруашылықтардың техника сатып алуларына жағдай жасала бастады

Осыған орай біздің компания биылғы жылы шағын шаруа қожалықтарына жеңілдетілген схема бойынша дән жинайтын комбайндар алып беруді қолға алды, деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы Ринат Тасболатов.
Акционерлік қоғам осы жұмысты ақырына жеткізу мақсатында «Егін орағы-2012» атты жаңа бағдарлама қабылдаған. Оның талаптарына сай шаруаға техника сатып алып беру кезінде оның алдын ала төлейтін қаржысының көлемі күрт қысқартылып, төлеп біту мерзімі айтарлықтай ұзартылады. Мекеме 2000 жылдан бері жалпы құны 167,7 млрд. теңге тұратын 20 мың дана әртүрлі ауылшаруашылық және өңдеуші техникаларын сатып алған. Рас, көптеген шағын шаруа қожалықтарының мұндай техникаларды сатып алуға жағдайлары жоқ. Сондықтан олар жыл сайын бұларды керек кезінде жалға алып жүр. Ал жаңа бағдарлама бойынша сол жабдықтарға олардың өздерінің де иелік ететін мүмкіндіктері туып отыр.