10:50, 21 Қаңтар 2011 | GMT +5
Қызылорда облысында шағын және орта бизнес субъектілері өткен жылы 180 483 млн. теңгенің өнімдерін өндірді
ҚЫЗЫЛОРДА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, былтырғы жылы аймақтағы шағын және орта бизнес құрылымдары 180 483 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, қызмет түрлерін көрсеткен.

Олар жыл ішінде 68 510 адамның жұмыс істеуін қамтамасыз еткен. Ал рынокта белсенді жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілері 2011 жылдың 1 қаңтарына 14 689 бірлікті құраған. Жалпы, белсенді субъектілердің арасында жеке кәсіпкерлердің үлес салмағы өте үлкен, ол барлық бизнес құрылымдарының 78,3 пайыздық бөлігін алады.