Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып тұр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып тұр

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 14 сәуірде Қызылорда облысында күн райы бұзылатыны туралы ескерту жариялады. Онда секундына 15-28 метр жылдамдықпен жел соғатыны айтылған.

Бүгін Қызылорда қаласында шаңды дауыл соғып тұр.

ТЖД мәліметінше, 13-14 сәуірде күндізгі уақытта температура 30-35 градусқа дейін жоғарыласа, солтүстік бөлігінде ауа бағамы 22-27 градусты көрсетеді.

Ал 15-16 сәуірде температура күндізгі уақытта 15-20 градус болса, 16-18 сәуірде түнде бірден -3+2 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз, 5-10 градус жылыға қайта көтеріледі.

13-17 сәуірде желдің күші 15-20 м/с құрайды. Шаңды дауылмен желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі мүмкін.

14-15 сәуірде облыста жаңбыр, найзағай күтілсе, 16-17 сәуірде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Айта кетсек, бұдан бұрын наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында күшті жел шатырларды ұшырып, тұрғын үйлер жарықсыз қалған еді.

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде Қазақстанда күн райы бұзылатыны жөнінде ескерту жариялады.