Қызылорда облысында соңғы аптада 103 қылмыс тіркеліп, тәулік ішінде оның 56-сы ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Ақпан айының 11-і мен 17-і аралығында облыс көлемінде 103 қылмыс тіркеліп, тәулік ішінде оның 56-сы ашылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Үстіміздегі жылдың 17-ақпанында Қызылорда қаласының тұрғыны облыс орталығында орналасқан компьютер клубтарының бірінде үнемі ақшаға құмар ойындар ойнатылатындығы жөнінде арызданған.

Жүргізілген жедел іс-шара барысында қала тұрғыны жеке кәсіпкер ұсталды. Айғақ зат ретінде 6 дана компьютер және ақша алынды.

14 ақпан күні облыс орталығында орналасқан дүкендердің бірінде Қызылорда қаласының тұрғынының қол сөмкесінің ішінен 17 мың теңге ақшасын ұрлағаны үшін Павлодар облысы, Екібастұз қаласының тұрғындары екі тұрғыны ұсталды.

Сол күні қала тұрғыны жұмыс істеп жүрген мекемесінің бастығы 2011 жылдың қыркүйек айы мен желтоқсан айы аралығында еңбекақысы мен еңбек демалысына шығу жалақыларының бермей жүргендігі жөнінде арызданған. Келтірілген залал 299 мың 110 теңге сомасын құрайды.

Осы қылмыстық істер бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар