Қызылорда облысында Сыр салысымен қоса бақша дақылдарының өнімі де жаман емес

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы күріш және бақша өнімін өндіруден аты шыққан аймақ.
None
None

Сыр бойында күріштен дүниежүзілік рекорд жасап, дала академигі атанған Ыбырай Жақаевтың ізін басушы диқандар ала жаздайғы төккен маңдай терінің жемісін көрер күнге де жақындап қалды. Биыл облыста табиғат берген мол ырыздық Сыр салысымен қоса, картоп, көкөніс және бақша дақылдарынан берекелі өнім жиналады. Қазіргі таңда облыста картоп, сүрлем жүгері, көкөніс, тары, мақсары, күнбағыс, тұқымдық жоңышқа, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүріп жатыр.
Ауыл шаруашылығы басқармасының бүгінгі күнге дейінгі мәліметіне сүйенсек, облыстағы 7827 гектар картоп алқаптарының 4915 гектары жиналып 49608 тонна өнім алынды. Бүгінгі күнге көкөністің 4750 гектары, бақшаның 6659 гектары жиналды.

Соңғы жаңалықтар