09:23, 14 Мамыр 2010 | GMT +6
Қызылорда облысында тамақтан уланып ауруханаға түскендердің саны 138 адамға жетті
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тамақтан уланып ауруханаға түскендердің саны 138 адамға жетті,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Мамырдың 13-і сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Сырдария аудандық ауруханасына тағы да 4 адам жатқызылды.
«Ауруханада барлығы 138 адам жатыр, олардың 18-і - балалар. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», - делінген ведомство хабарында.
Естеріңізге сала кетейік, зардап шегушілер мамырдың 9-ы күні ас беру кезінде уланып қалған, сол күні 7 адам ауруханаға түскен. Мамырдың 10-ы мен 13-і аралығында олардың саны 134 адамға жеткен болатын.