Қызылорда облысында туберкулез жұқтырғандар саны көбейді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өңірде биыл бірінші тоқсанда 97 адам туберкулез жұқтырған. Бұл - өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ауруға шалдыққандардың 94%-ы - өкпе туберкулезін жұқтырған. Сондай-ақ, тең жарымында туберкулездің жұқпалы, яғни ашық түрі екендігі анықталды.

«Індетке шалдыққандардың 70%-ы әлеуметтік белсенді топтар болып отыр, негізінен 18-64 жас аралығындағы адамдар. Олардың қатарында туберкулез жұқтырған 38 жұмыссыз, 24 зейнеткер, 7-і мектеп оқушысы мен студент бар», - дейді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ведомство мәліметінше, соңғы 2 жылда коронавирус пандемиясы туберкулез індетіне қарсы тиісті профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуіне кері әсерін тигізді. Туберкулезді анықтау сынамаларын қоюға және екпе жүргізуге қарсылық танытқандардың саны артқан.

Еске салсақ, Қызылордада жануарлардан зардап шеккен 290 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді.



Соңғы жаңалықтар