Қызылорда облысында «Туған жерге тағзым» облыстық жастардың патриоттық форумы мәресіне жетті
Баспасөз мәслихатында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айдын Қайруллаев туған жерінен жырақ кетіп, Сыр елінің атын алыс жақын шет елдерде асқақтатып жүрген білім, ғылым, мәдениет, кәсіпкерлік, спорт салаларында өз биігін бағындырған жастардың басын туған жерде қосуды мақсат еткен форумның негізгі бағыты жастардың туған жерге деген ыстық ықыласын күшейту екендігіне тоқталып өтті. Өз кезегінде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев патриоттық форум Сыр жастарының бірлігінің бекем екендігін айқындайтын, сыртта жүрсе де, туған жерінің даму қарқынына барынша үлес қосатындығын айтып өтті.
Одан соң қазақ журналистерінің кәсіби білігін шыңдауға атсалысып жүрген әрі елімізге белгілі журналист, "Түркітілдес журналистер қорының" президенті, Қазақстандағы Әйел журналистер клубының басшысы Нәзия Жоямергенқызы журналистермен пікір алмасты. Шетелдерде Қазақ сән әлемінің абыройын асқақтатып жүрген әрі продюсер Жадо және медицина ғылымдары саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан дәрігер, медицина саласында жаңалық ашушы жас ғалым Асхат Мыңбай форумның маңыздылығын атап, бұл шара облыстың жас жеткіншектеріне үлгі, өнеге ету екенігін және үлкен шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.