Қызылорда облысында тұмау жұқтырғандар саны артты

Өңірде 2021-2022 жылдардағы эпидмаусымда жедел респираторлық вирусты инфекциясына (ЖРВИ) шалдығудың 19745 дерегі тіркелді. Олардың 64,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Оның ішінде 24,1 пайызы – 1 жасқа дейінгі нәрестелер. Есепте тұрған жүкті әйелдер арасындағы ЖРВИ-ға шалдығу көрсеткіші 25 пайызды құрайды.
Жүргізілген эпидемиологиялық мониторингіге сәйкес өңірде эпидахуалдың күрделенуі байқалған жоқ.
«Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 39 пайызға жоғары», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Тұмау ауруының алдын алу мақсатында 2021-2022 жылдардағы эпидмаусымға 80186 доза вакцина сатып алынған болатын. Өңір тұрғындары арасында тұмауға қарсы вакциналанған контингент 95,6 пайызға жуық.