Қызылорда облысында тұмаумен ауырған бір ғана дерек тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Соңғы жылдары Қызылорда облысында адамдардың тұмаумен ауыру деректері күрт тыйылғандай қызықты жағдай қалыптасып отыр.
None
None

Биылғы ақпан басталғалы бері аймақта арқыраған боран да тұрып, қар мен жаңбыр да жауып, ауа райы әртүрлі жұқпалы аурулардың қозып кетуіне ыңғайлы жағдай жасап тұр.

Соған қарамастан осы кезге дейін тұмау сырқатының бір ғана дерегі тіркелген. Оның өзі әлі зертханадан анықталып шықпапты. Ал 2010 жылы аймақта мұндай бірде-бір дерек тіркелмепті. Оның алдында үш оқиға орын алған.

Облыстық санитарлық-эпидемиялық стансы қызметкерлері мұны сырқаттың алдын алу шараларының дұрыс жүргізіліп келе жатқанымен түсіндіреді. Айталық, былтырғы жылғы қараша-желтоқсан айларында облыста тұрғындар арасында жаппай вакцина егу жұмыстары жасалған. Бұл үшін жергілікті бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлінген. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қаракөз Балабекованың айтуынша, қазіргі күндері мұнда сырқаттар түсіп жатқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар