Қызылорда облысында тұрғындардың 61 пайызы вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тұрғындардың 61 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласын қосқанда 244 097 адам вакцинаның 1-компонентін алған. Бұл тұрғындардың 61 пайызын құрайды. Ал 185 463 адам екпенің 2-компонентін алған.

«Өңірде қатерлі вирусқа шалдыққан тұрғындар саны көбейді. Мәселен, маусым айында короновирус инфекциясымен 541 науқас тіркелсе, ол шілдеде 6 есеге өсіп, 3387 науқасқа жетті. Ал тамыз айының 9 күнінде 1827 адам вирус жұқтырып отыр. Бұл айдың соңына дейін өсуі мүмкін. Мәселен өткен тәулікте короновирус инфекциясымен 228 жағдай тіркелді. Қазір 1772 науқас үй жағдайында емделіп жатыр. Емхананың 138 мобильді бригадалары емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда. Сосын бұл аурудың 70-80 пайызы симптомды түрі, былтыр көбіне симптомсыз еді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Айта кетейік, қазіргі таңда күніне 2000-2500 жан екпе алуда. Зейнет жасындағылар мен үй шаруасындағы адамдар арасында вакцина алу көрсеткіші әлі де төмен.

Еске салсақ, Қызылорда облысында карантин талабын бұзудың 459 фактісі тіркелді.



Соңғы жаңалықтар