Қызылорда облысында тұрғындардың үйінен негізсіз шығуына тыйым салынды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 12 сәуірден бастап азаматтардың негізсіз тұрғын үйінен шығуына және автокөліктермен жүруіне тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті. Аталған тыйым 2020 жылғы 12 сәуірде са5ат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Қызылорда қаласына және аудандарына көліктердің кіруіне және шығуына тыйым салынады. Оның қатарына азық-түлік тауарлары, дәрілік, медициналық заттар және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлері, өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуші, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бекітілген тізбелер қосылмайды.

«Енді азаматтардың негізсіз тұрғын үйінен шығуына және автокөліктермен жүруіне тыйым салынды. Тек жақын радиуста орналасқан дәрілік заттар, азық-түлік қажеттілігін алуға және үй қоқыстарын шығаруға болады. Бұл ретте адамдар саны біреуден адамнан аспауы керек. Медициналық көмек бойынша адамдардың саны үшеуден артық болмауы тиіс. Атап айтқанда, олардың қатарында автокөлік жүргізуші, науқас, сүйемелдеуші бар. Сонымен қатар, ішкі қоғамдық көліктің жұмысына үш ауысыммен сағат 06.00-09.00, 13.00-15.00, 18.00-20.00 аралығында рұқсат етіледі. Облыс көлеміндегі барлық құрылыс жұмыстары 22 сәуірге дейін тоқтатылады. Коронавирус инфекциясына қарсы күреске жұмылдырылған қызметтерді қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық нысандағы ұйымдардың жұмысын қашықтықтан қызмет көрсету форматына барынша ауыстыру міндеттелді», - деп мәлім етті ведомстводан.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 116 науқас бар .


Соңғы жаңалықтар