Қызылорда облысында ҰБТ-ның алдын ала қорытындысы бойынша орташа балл 82,7 құрады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алдын ала қорытындылары дайын болды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

ҰБТ-ға 2016 жылы 4507 адам қатысты. Ал 81 түлек әр түрлі себептермен тестілеуге қатысқан жоқ. Облыста орташа балл 82,7 құрады. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда бір балға жоғары. 4381түлек шекті балды, яғни 50 баллдан жоғары жинады. Жүз және одан жоғары балл жинағандар 706 адам. 122 баллды төрт түлек, Қармақшы ауданындағы №250 мектептен Анар Мұхит, №198 мектептен Вероника Цой, Қызылордадағы №222 мектептен Бақберген Алдаберген және Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылындағы №119 мектептен Мұхамедрақым Маңмұрынов жинады.

Өзінің білімдерін дәлелдеп «Алтын белгі» белгісін 132 үміткер ақтап шықты. Сонымен қатар аппеляцияға өтініш жазған 98 үміткердің үшеуі «Алтын белгі» үміткерлер дәлелдеді. Тағы он адам аппеляция нәтижесімен он баллдарын алды.

33 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. Одан бөлек, 35 «Алтын белгі» үміткерлері бір балл жетпей «Үздік аттестатқа» ие болды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram