12:30, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Қызылорда облысында ҮИИДБ бойынша 16 жоба жүзеге асырылады
ҚЫЗЫЛОРДА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында үстіміздегі жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша 16 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
Бұл туралы облыстық әкімдікте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұханбет Әбдібековтің қатысуымен өткен жұмыс тобының отырысында белгілі болды.
Бүгінгі таңға облыста жалпы құны 222,2 млрд. теңге тұратын 54 жоба тізімге енгізілген. Осылардың 16-сы биыл қолға алынбақшы. Ал былтыр аймақта құны 26 млрд. теңгеге тең 11 жоба қатарға қосылды. Ол қосымша 400 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады.