Қызылорда облысында жаңа жұмыс орнын табу жөніндегі жоспар орындалмай қалды

Бұған бір жағы аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі жоспардың толығымен орындала бермейтіні де әсер еткен сияқты.
Нақтылы цифрларға сүйенсек, облыста бүгінгі күнге жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жылдық жоспар 96 пайызға орындалғаны белгілі болып отыр. Соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын ашу 73 пайызға ғана орындалған. Бұл мұнда 1099 әлеуметтік жұмыс орнының ашылғанын көрсетеді. Облыста бұдан бөлек «Жастар тәжірибесіне» 1943 адам тартылған. Ол бағдарламада қаралған жылдық жоспардың 78 пайызы орындалғанын білдіреді. Қайта даярлау курстарына үш мыңнан астам адам тартылып, бұл жөніндегі жылдық жоспар жоспар 63 пайызға орындалған. Бұл деректерді облыс басшысы жуырда селекторлық мәжілісте есеп берген кезінде келтіруге мәжбүр болды.