Қызылорда облысында «Жол картасын» жүзеге асыру барысында 642,5 млн. теңгенің жолсыздықтары анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «Жол картасы» бағдарла­масын орындау бары­сында Қы­зыл­орда облысы бойынша қар­жы­лық ба­қылау инспекциясы 2010 жылдың 1-ші жарты­жыл­ды­ғында 7 бақылау шараларын жүргізді.
None
None

Тексеру қорытын­дысымен 5 жағдайда кемшілік­терге жол берілгені ашылды.

Мемлекеттік сатып алу заң­ды­лықтарының сақта­луына жүргізілген бақылау жалпы сомасы 642,5 млн. теңгенің жолсыздықтарын анықтады.

Атап айтқанда, Қармақшы аудандық орталық аурухана­сына күрделі жөндеу жұмыс­тарын жүргізу үшін 2010 жыл­ғы сәуірдің 19-да мемлекеттік сатып алудың конкурс тәсі­лімен өткізу барысында оны ұйымдастырушы 97,7 млн. тең­ге­нің конкурстық құжатта­масын құрылыс жұмыстарын жүргізу, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, автор­лық және техникалық қадаға­лауларды жүргізу қызметтерін бірыңғай конкурс аясына енгіз­ген. Бақылау материалдарының қорытындысы тиісті шаралар көру үшін Қызылорда облысы бойынша экономикалық қыл­мысқа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес департа­ментіне және облыстық проку­ратураға жолданды.

Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық, жолаушылар көлігі, авто­мо­биль жолдары бө­лімінде әлеуетті өнім берушінің кон­курстық өтінім­дері бі­ліктілік талаптарын сәй­кес келмесе де Тереңөзек кенті­нің көшелерін орташа жөн­деу жұмыстарын жүргі­зуге 18,3 млн. теңгеге конкурс өткізілген. Сондай-ақ облыстық жолау­шылар көлігі және ав­томобиль жолдары бас­қар­­масында кон­курс тәсілі арқылы өткізілген мем­лекеттік са­тып алу заңды­лық­тарынан 403,4 млн. теңгеге және об­лыс­тық білім басқар­масында 123 млн. теңгеге кон­курстың қоры­тын­дысына әсер етпейтін бұр­ма­лаушылықтар анықтал­ды.

Сырдария аудандық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Жа­нар и К» толық серіктестігінің 4 қызметкеріне жалған құжаттар жасау арқылы негізсіз 149,7 мың теңге төленген. Бақылау материалдары тиісті шаралар көру үшін облыс бойынша эко­но­микалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес депар­таментіне жол­дан­ды.

Соңғы жаңалықтар