13:37, 29 Маусым 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 432 автомотокөлік құралдары техникалық байқаудан өткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың басынан бері 20 мың 432 автомотокөлік құралдары техникалық байқаудан өткізілді.

Бұл аймақтағы барлығы 97 мың 868 транспорт құралдарының 20,9 пайызын құрайды.
Осы кезге дейінгі техникалық тексеру барысында ақаулары анықталған 3881 автомотокөлік кері қайтарылды. Көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау өткізу барысында агрегат нөмірлерінің сәйкес келмейтін 33, қозғалтқыш нөмірін қолдан жасаған 7 дерегі анықталып, тиісті қызметтерге жолданды.
Осы және басқа да қабылданған ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар нәтижесінде өткен бес айда облыс жолдарындағы апат саны былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, 62-ден 58-ге азайса, онда жарақат алғандар саны 62-ден 55-ке кеміген.