Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 өрт оқиғасы тіркелген
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жаудан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымында облыс көлеміндегі тұрғын секторларда 119 өрт оқиғасы болды. Одан 3 адам жарақат алған. 5 адам қаза болған. Биыл көмірқышқыл газынан улану бойынша 1 дерек тіркелген.
«Көмірқышқыл газынан улану көптеген жағдайда тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан болады. Яғни, олар тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуден, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болады. Жылу беру маусымында 51 405 тұрғын үй секторы араланып, өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Тұрғындармен кездесіп, соның ішінде электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі бойынша насихат жұмыстары жүргізілді», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бауыржан Ізбасаров.
Еске салсақ. биыл Қызылорда облысында Сырдария өзенінде су тапшылығы туындауы мүмкін.