10:52, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында жыл басынан бері мектепке дейінгі 15 мекеме ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында республикалық «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында бірқатар пәрменді жұмыстар қолға алынды. Соның нәтижесінде мұнда жыл басынан бері 930 орындық 15 мектепке дейінгі мекеме қатарға қосылды.

Мұның бәрі биыл балабақшаларда 2415 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастыруға қаржы қаралуы арқасында мүмкін болды. Бұл облыстың балалар бақшасымен қамтылу көрсеткішін 39,1 пайызға жеткізді.