Қызылорда облысындағы автокөліктер саны 114 мыңнан асады

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық жол полициясы басқармасының есебінше, облыс көлеміндегі автокөліктер саны уақытша тіркеуде тұрғандарын қосқанда 114 мың 400-ді құрайды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның 14 мың 977-сі заңды, 99 мың 423-і жеке тұлғаларға тиесілі.

Өткен жылы осы автомотокөлік құрал­дарының техникалық байқаудан өткізілгені 73 мың 135-ке тең. Көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау өткізу барысында іздеуде жүрген - 1, агрегат нөмірлерінің құжаттармен сәйкес келмейтін - 110, қозғалтқыш нөмірін қолдан ұрған - 9 дерек анықталып, ол тиісті қызметтерге жолданды. Осы аралықта сондай-ақ 17 мың 646 адамға жүргізуші куәлігі берілген.

Соңғы жаңалықтар