18:50, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Қызылорда облысындағы республикалық инвестициялық жобалар негізінде іске асатын асфальт-бетон зауытына 250 млн. теңге жұмсалып отыр
ЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысындағы республикалық инвестициялық жобалар негізінде іске асатын асфальт-бетон зауытына 250 млн. теңге қаржы жұмсалып отыр.

Асфальт-бетон зауытын «Автомобиль жолдары басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске қоспақшы. Бүгінде зауытты іске қосу, жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Мұнда әлемдік стандартқа сай соңғы үлгідегі қытайлық қондырғылар қойылған. Бәрі бір орталықтан автоматты түрде компьютер арқылы басқарылады.
Бұл зауытта сағатына 180 тонна өнім шығарылады. Сондай-ақ мамандар жылына 50 мың тонна асфальт-бетон шығаруға дейін мүмкіншіліктердің бар екенін айтып отыр.
Зауыт бүгінгі таңда «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» күре жолының негізгі шикізатының бірін дайындайды. Зауыт жылжымалы-құрастырмалы болғандықтан, алдағы уақытта оны еліміздің кез келген аймағына көшіріп апаруға да болады.