Қызылорда облысының әкімі бірқатар құрылыс нысандарында болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан бірқатар нысандарды аралап көрді.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аймақ басшысы ат басын бұрған нысандар - Мұз сарайы, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» және перинаталды орталық болды.

Мұз айдыны бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы биылғы жылғы тамыз айында пайдалануға беріледі. Аталмыш кешен өңірде спорттың хоккей мен мәнерлеп сырғанау түрлерін дамыту үшін салынуда. Онда сондай-ақ командалық спорт түрлерімен, жекпе-жек шайқастармен көркем гимнастикамен шұғылдануға мүмкіндік жасалады. Кешен ғимараты 900 көрермендік орынға лайықталған, онда бір мезгілде 162 спортшының дайындалуына мүмкіндік бар.

Қызылорда қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» құрылысы 2011 жылы басталды. Оны пайдалануға беру алдағы қыркүйек айына жоспарланған. Мектепте 60 оқу сыныбында 720 оқушы оқитын болады. Бұлардың 600-і толық күн мектепте болып, сабақтан кейін элективті курстар мен түрлі секцияларға қатысады. Қалған 120 оқушы аудандардағы мектептерден іріктеліп алынады. Олар мектеп жанындағы жатақханада тұрады. Оқуда жаратылыстану-математика бағытына басымдық беріліп, сабақтар үш тілде өткізілетін болады.

Перинаталды орталықтың құрылысы 2008 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында басталып, қаржының жеткіліксіздігінен тұралап қалған. 200 орынға арналған ғимараттың 85 пайызы дайын.

Соңғы жаңалықтар