Қызылорда облысының әкімі Шиелі ауданында «Жол картасы» бағдарламасына сай атқарылған жұмыстардың жайымен танысты

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов бүгін таңертеңнен бері Шиелі ауданында жұмыс сапарымен жүр. Ол Жиделіарық ауылдық округінде болғаннан кейінТөңкеріс ауылына келді.
None
None

Аймақ басшысы бұл елді мекенде көшелерді жарықтандыру мен күрделі жөндеуден өткізілген жолдарды көрді. Республикалық «Жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан бұл жұмыстар ауданда жинақталып келеді.

Осыдан кейін Төңкеріс ауылдық округі ауқымындағы «Қаптағай» шаруа қожалығында болып, қырман басында астық тазалау жұмыстарын көрген әкім Шиелі кентіне бұрылды. Аудан орталығында ол «Жол картасы» бағдарламасы негізінде күрделі жөндеу көрген 50 орынды мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат пен №46 орта мектептің жайымен танысты.

Аймақ басшысының бұдан кейінгі сапары Жаңақорған ауданында жалғасты.

Соңғы жаңалықтар