Қызылорда облысының аудандарында коронавирус жұқтырғандар саны артты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының аудандарында коронавирус жұқтырғандар саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері өңірде 1 570 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 942 адам Қызылорда қаласында тұрады. Ал аудандар бойынша Жаңақорғанда - 134, Қазалыда - 122, Сырдарияда - 110 адам коронавируспен ауырды. Одан кейінгі орындарда Шиелі -80, Қармақшы - 63, Арал - 60, Жалағашта - 59 адам.

Кеше өңірде коронавирус инфекциясына қатысты жаңа 72 жағдай тіркелді Олардың арасында Қызылорда қаласында - 38, Қазалыда - 5, Қармақшыда - 7, Жалағашта - 1, Сырдарияда - 3, Шиеліде - 7, Жаңақорғанда - 11 адам коронавирус жұқтырды.

«Өткен жылдан бері коронавирус инфекциясымен облыста 4 962 науқас есепке алынды. Оның ішінде 3 010 адам Қызылорда қаласында тұратын болса, аудандар бойынша Аралда -174, Қазалыда - 225, Қармақшыда -222, Жалағашта - 172, Сырдарияда - 293, Шиеліде - 374, Жаңақорғанда - 492 науқас тіркелді.

Облыста өткен жылдан бері коронавирус инфекциясынан 16 қайтыс болды. Олардың 9-ы Қызылорда қаласының тұрғыны болса, Жалағашта – 2, Сырдарияда – 1, Шиеліде – 1, Жаңақорғанда - 3 адам көз жұмды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада коронавирус инфекциясына қатысты жағдай күрделеніп бара жатқанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар