Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Қырымбек Көшербаев Ринат Қалдыбекұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Ринат Сұлтангереев 1980 жылы бұрынғы Тереңөзек ауданында туған.
2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы ретінде бастаған.
2004-2012 жылдары облыстық ішкі саясат департаментінің бас есепшісі, облыстық мәслихат аппаратының бас маманы және облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарған.
2012-2014 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, сондай-ақ, кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары, «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорны директорының орынбасары, ал 2014-2015 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметінде болған.
2015 жылдың маусым айынан бері Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.