Қызылорда облысының каратэшілері Мөлдір Жаңбырбай мен Нұржан Ақпанбет Әлем чемпионы атанды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Польшаның Быдгощ қаласында каратэ-додан өткен VII Әлем чемпионатында спортшыларымыз Мөлдір Жаңбырбай мен Нұржан Ақпанбет алтын жүлдені иеленді. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Әлемнің 46 елінен 3 мыңдай спортшы қатысқан бұл дүбірлі додада қос спортшымыз еліміздің байрағын желбіретіп, әнұранын шырқатты.
50 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында кумитэ бағдарламасында өнер көрсеткен Мөлдір үш кездесу өткізіп, финалда Түркия спортшысын 5:0 есебімен жеңді. Ал 60 келіге дейінгі салмақта кумитэ бағдарламасында сынға түскен Нұржан үш кездесуінде де жеңіске жетіп, финалда тәжікстандық қарсыласын 1:0 есебімен ұтып, екінші алтынды қоржынға салды.

Айта кетейік, Мөлдір былтырғы жылы жастар арасында Әлем чемпионы атанған болатын.

Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын қос спортшыны жарысқа каратэ-додан облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев дайындады.
2 

3 

4  

Соңғы жаңалықтар