Қызылорда облысының мектептері партасына кеше 129 мыңға жуық шәкірт отырды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше басталған жаңа оқу жылына орай Қызылорда облысындағы мектептер парталарына 129 мыңға жуық оқушы отырды. Олар аймақтағы 289 мектептің аясына біріккен. Ал биыл алғаш рет мектеп табалдырығынан аттаған бүлдіршіндер саны 11 мың болып отыр.
None
None

Облыста биыл 27 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың 6-уы осы оқу жылының қарсаңында пайдалануға берілсе, қалғандары жылдың соңына дейін қатарға қосылады деп күтілуде. Сонымен қатар көптеген білім ордалары «Жол картасы» бағдарламасына сай жөндеуден өткізілді.

Соңғы жаңалықтар