Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында күрішке орақ түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының диқандары үстіміздегі жылы 28928 гектар алқапқа дінді дақылдар ексе, оның 10028 гектарын күріш құрайды. Мамандар өткен жылмен салыстырғанда ана­ғұрлым артық келетін бұл танаптардың 85 пайызынан жоғары өнім алынады деп болжап отыр.
None
None

Қазір ауданның Аққорған, Қожакент, Қыркеңсе ауылдарындағы егіншіліктер күріш ору басталып кетті. Әзірге 300 гектардай алап орылып үлгерді. Олардың дәнге бастырылған бөлігінен 40 центнерден өнім алынуда.

Ал кеше Шиелі ауданындағы «Ын­тымақ-ГТ» ЖШС биылғы жыл­дың күріш орағын бастады. Жалпы, бұл шаруашылық 800 гектар жерге «Мар­жан» сортын еккен екен. Алғашқы кезекте аталмыш ша­руа­шылықтың №1 бригадасы егінге орақ түсірді. Бригада жетекшісі Тал­ғат Тұрманов бастаған егіншілер қа­уы­мы өз егіндерінің биыл бітік шық­қа­нына қуанышты. Аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің диқандарға арнаған құттықтау лебізінде үстіміздегі жылы аудандағы 23805 гектар жерге әртүрлі дақылдардың егілгенін атап өтті. Ауданда 8336 гектарға күріш орналастырылған. Техникалар дайын, жанар-жағармай жеткілікті. Диқан­дардың әлеуметтік мәселесіне де айрықша мән берілген.

Егін орағы басталар сәтте 90 жастағы Социалистік Еңбек Ері Шы­рынкүл Қазан­баева апамыз жерлестеріне ақ батасын бер­ді. Осы күні «Шиелі-Аван­гард» ЖШС, «Жаңа-Бестам» шаруашы­лық­тары да орақ науқанына кірісті.

Соңғы жаңалықтар