Қызылорда облысының Сырдария ауданында блокпост қойылды ма

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданында блокпост қойылған жоқ. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өткен күндері WhatsАpp әлеуметтік желісі арқылы тұрғындар арасында «Сырдария ауданында блок-бекет қойылды» деген ақпараттар таралған болатын.

Сырдария ауданы 14 сәуір күні коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енген болатын. Осыған орай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Омарованың №1 Қаулысы шықты.

«Қаулыда бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Дегенмен, Сырдария ауданында блокпостар қойылған жоқ. Ал, түрлі желілер арқылы тараған фотосуретте «Терең-өзек кен орны» деп көрсетілген. Алайда, бұл Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы Тереңөзек мұнай-кен орнына қатысты. Сондықтан «Сырдария ауданында блокпост қойылды» деген ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз», - деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар