Қызылорда өмір сүруге қолайлы аймақтардың біріне айналды

 ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Соңғы бір жыл ішінде облыста азық-түлік бағаларын, жалпы инфляцияны ауыздықтау бағытында жемісті жұмыстар атқарылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың орта шенінен бергі уақытта Қызылорда облысы инфляция көрсеткіші бойынша ел аймақтары қатарында тәуір нәтижеге қол жеткізді. Облыс ұдайы алғашқы бестіктің қатарынан көрінуде. Сөйтіп, жергілікті билік инфляция үдерістерінің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Өңір халқының арзан тұтыну тауарларын тұтынуы олардың отбасы бюджеті шығынының айтарлықтай үнемделуіне ықпал жасады. Қызылорда облысы 2008 жылдың маусым айымен салыстырғанда 2009 жылдың маусым айында инфляцияны айқындайтын тауарлар мен қызмет бағаларының өсімі жөнінен республикада ең тәуір көрсеткішке қол жеткізіп, нақты атқарылған жұмыстың тиянақты нәтижесін бекемдеді

Соңғы жаңалықтар