Қызылорда өнерпаздары Алатауға аттанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 6-шы сәуір күні Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» залында облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел - мәңгілік тарих» атты дәстүрлі орындаушылардың концерті өтеді, деп хабарлады аталған басқарманың баспасөз қызметінен.
None
None

Сыр еліне ғана тән 4 жыр мектебінің өкілдері талғампаз көрермен алдындағы тағы да жыр шашуын шашпақ. Кеште Сыр сүлейлерінің ізбасарлары қазақ хандығы заманынан бері мұра болып келе жатқан жырлармен, рухани құнды қазыналардан сыр шертеді.

Соңғы жаңалықтар