Қызылорда өңірінде туберкулез ауруының көрсеткіші төмендеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ауруға қатысты жағдайды сауықтыру бағытында жүргізілген қарқынды жұмыстарға байланысты облыста туберкулез ауруының деңгейі төмендеді. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова айтты,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2015 жылдың 10 айымен салыстырғанда 6,7%-ға, (2015 жылы - 62,3, 2016 жылы - 58,1, мақсатты индикатор -70,6), өлім-жітім көрсеткіші 16,7%-ға (2015-3,6; 2016-3,0; мақсатты индикатор - 4,0) төмендеді. Алғаш рет анықталған сезгіш туберкулезбен ауыратындарды емдеп шығару көрсеткіші 86,7%-ды (ДДҰ бойынша 85% төмен болмау керек, нысаналы көрсеткіш 85%, ҚР 87,0) құрады. Туберкулез ошағындағы барлық балалар уақытылы тексеріліп, диспансерлік есепке алынған»,- деді басқарма басшысы.


Қазіргі таңда облыста еліміз бойынша амбулаториялық деңгейде ем алатын науқастарға ең жоғары әлеуметтік көмек беріледі. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 133,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

Соңғы жаңалықтар