Қызылорда студенттеріне «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы түсіндірілді
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразәлі - еліміздің саяси-әлеуметтік даму жолында Елбасы жолдауының маңызы, жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауда негізгі күш иесі жастар үлесінде екендігін атап өтті.
Сөз алған Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Апенов өз баяндамасында Елбасының биылғы Жолдауының «Мәңгілік ел» ұлттық идеологиясын жеделдетудің негізгі қозғаушы күші жастар және Жолдаудағы міндеттерді орындаудағы жастардың рөлі мәселесіне тоқталды.
Ел ағаларының тек ақыл айтып қана қоймай, өздеріне зор сенім білдіргендері үшін жастар атынан С.Әбіл алғыс айтып, артқан сенімді замандастарымен бірлесіп ақтайтындарын білдірді.