19:11, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Қызылорда театрында драматург жазушы Дулат Исабековпен кездесу өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Өткен сенбі күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы-драматург Дулат Исабеков қызылордалық көрермендермен кездесті.

Сыр бойына облыс әкімдігінің арнайы шақыруымен келген драматург өзінің ?Мұңлық-Зарлық? спектаклінің кезекті қойылымын көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спектакль басталар алдында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов белгілі драматургке ізгі тілеген айтып, сырбойылықтар атынан сый-сияпат көрсетті. Өз кезегінде Д.Исабеков өнер сүйер қауымға өз шығармашылығындағы өзгерістер мен жаңалықтар, қазіргі қазақ драматургиясының беталысы туралы айтып өтті. Кездесу кешіне жиналған руханиятшыл қауымға алғысын білдірді.