17:31, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Қызылордада «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының жүзеге асуы туралы облыстық мәслихат депутаттарының есебі тыңдалады
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ақпанның 25-і күні Қызылода облысы бойынша «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде салынып жатқан мектептердің құрылысы туралы облыстық мәслихат депутаттарының есебі тыңдалады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр Отан» ХДП ресми өкілі Оксана Петерстің атап көрсеткеніндей, аталмыш шара партияның Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілгелі отыр. «Партияның аймақтағы филиалы және мәслихат депутаттары 2008 жылы республикалық бюджеттен 12 мектептің, жергілікті бюджеттен тағы 7 мектептің құрылысына қаржы бөлінуіне қол жеткізді. Сондай-ақ осы жылы Жаңақорған ауданы, Талап елді мекенінде 300 орындық жазғы демалыс лагері, Қызылорда қаласында дарынды балаларға арналған 300 орындық мектеп-интернаты мен 10 балабақша бой көтереді деп жоспарлануда», деді ол. Ресми өкілдің айтуынша, жиынға аталмыш бағдарлама аясында «Сырдария» шағын ауданында бір мыңнан астам орынға арналған мектептің құрылысын жүргізіп жатқан бас мердігер «Асар-Холдинг» компаниясының өкілдері шақырылып отыр.