Қызылордада 129 қоян атқан аңшылар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қармақшы ауданында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары қояндарды заңсыз атқандарды құрықтады.
None
None

Атап айтқанда, 3 автокөлік мінген 8 жергілікті тұрғынды ұсталды. Тексеріс барысында 129 қоянның тұтас еті, 4 аңшы мылтық тәркіленді. Заңсыз қоянды аулағаны үшін 5 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қарастырылып отыр. «Жалпы көлемде браконьерлер шамамен 1 млн. 300 мың теңге төйлеуі тиіс. Қазіргі таңда аталған факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына бағытталды», делінген ҚР АШМ мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар