Қызылордада 2 жастағы сәби коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 2 жастағы сәбиге коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада 2 жастағы сәби коронавирус жұқтырды

Қазір Қызылорда облысында қатерлі індетті жұқтырған 231 адам бар.

Олардың арасынан 165 адам емделіп шықты.

«Жаңадан анықталған науқас - 2 жасар бала. Ол коронавирус инфекциясымен науқастанған отбасы мүшесінен жұқтырған. Соңғы тәулікте барлығы 813 зертханалық сынама алынса, оның 805 сынамасы теріс мәнді болды. Біреуі - оң мәнді болса, жетеуі - зерттелу үстінде. Қалдық тест - 4300», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3270 азамат анықталды. Оның ішінде, 1798-і жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.