Қызылордада 201 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 201 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталды.

Нәтижесінде қазір вакцинаның бірінші компонентін алғандар 201 мыңнан асса, екінші компонентін 115 мыңнан астам адам салдырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар қатарында педагогтер, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер саны басым.

«Өңірде егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдауда. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax», «Корона Вак» вакциналарының бірін таңдай алады.

Екпенің жеткілікті қоры барлық медицина ұйымдарында жасақталған.

Айта кетсек, «қызыл» аймаққа ауысқан Қызылордада эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті.


Соңғы жаңалықтар