08:22, 12 Тамыз 2020 | GMT +5
Қызылордада 22 жастағы жігіт көлге батып кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 22 жастағы жігіт көлге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға Арал ауданына қарасты Қызылжар ауылындағы Қаракөлде болды. .
«Оқиға елорда уақытымен 22.25-те тіркелді. Жігіттің денесін жергілікті тұрғындар сағат 23.00-де жағаға алып шықыт», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Еске сала кетсек, Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала Сырдарияға батып кетті.