Қызылордада 2650 жер үй газсыз қалды

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жекеменшік тұрғын үй секторындағы 2560 абонент газсыз қалды.
None
None

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, дүйсенбі, 28 қараша күні тежегіш қақпақтың іске қосылуынан газды үлестіретін 5 шкафты бекеттің жұмысы тоқтап қалды.

Оның салдарынан Гагарин мен Титов кенттері, Ипподром мен Сырдария шағын аудандарындағы 2650 жер үй көгілдір отынсыз қалды.

Төтенше жағдайды жоюмен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның апатты бригадасы айналысуда.

Соңғы жаңалықтар