Қызылордада 27 интернет-клубтың жұмысына тұсау салынды

«Облыс орталығындағы ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырып келген клубтар анықталып, олардың жабдық-жарақтары тәркіленіп алынды. Олар келушілерге онлайн-казино ойынын ұсынып отырған болып шықты. Осыған байланысты 2 клубтың иесі жазаға тартылды. Енді олардың әрбірі 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», - деді осы орайда баспасөз хатшысы Ақманат Шәймерденова.
«Прокуратураның мәліметі бойынша, облыстағы 180 интернет-клуб онлайн-казино секілді бағдарлама өнімдерін қолданып отыр. Алдыңғылар секілді заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған кез-келген клубтың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ, интернет-казиноның жұмысы үшін жылжымайтын мүліктерін жалға берген азаматтарды да жауапкершілікке тарту қарастырылады. Оларға қатысты жаза қолдану заңға қайшы емес», - деді ол одан әрі.