Қызылордада 55 жастағы азамат суға батып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты «Сабалақ» саяжайын маңындағы каналда 1 шілдеде 55 жастағы азамат суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада 55 жастағы азамат суға батып кетті

Ол рұқсат етілмеген аумақта суға түскен. Салдарынан тілсіз жаудың құрбаны болды. Оның денесін іздеуге «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің мамандары тартылды. Марқұмның жансыз денесі  бір сағаттай уақыттан кейін жағаға шығарылды.

«Жыл басынан бері Қызылорда облысында суға кетуге байланысты 16 жағдай тіркелді. Олардың ішінде 5-і мектеп оқушысы. Сондықтан жергілікті тұрғындардан суға түсу қауіпсіздігін қатаң сақтауын сұраймыз. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларды су айдындарына қараусыз жібермеуін өтінеміз». - дейді «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің  басшысы Бақыт Ембергенов.

Бұған дейін Қызылордада 14 жастағы жасөспірім суға батып кеткені хабарланған болатын.