Қызылордада 63 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 63 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада 63 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

Қазірге дейін өңірде барлығы 63 093 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 55 385.

Ал жүкті әйелдер арасында 2 469 адам бірінші компонентпен егілді. Ал лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонент алғандар – 5 231.

«Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада биыл 189 адамның үйде оқшаулану тәртібін сақтамағаны анықталды.