07:48, 29 Наурыз 2022 | GMT +5
Қызылордада 72 мыңнан астам оқушы коронавирусқа қарсы вакцина алды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 82 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін өңірде барлығы 82 163 адам (84,1 пайыз) Pfizer вакцинасының бірінші компонентін ектірді.
Оның ішінде 72895-і - жасөспірімдер. Ал жүкті әйелдер арасында 2 738 адам бірінші компонентті салдырды.
Лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонентті алғандар - 6516 адам. Қалғаны - басқа топтағы тұрғындар.
«Айта кетерлігі, өңірде Pfizer препаратымен ревакцинация жасап жатқандар да бар. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.