Қызылордада адам қаққан көлік иесі іздестірілуде

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының Қорқыт ата көшесінде автокөлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жол-көлік оқиғасы орын алған жерден автокөлік иесі бой тасалап кеткен. Қазіргі таңда зардап шеккен жүргінші медициналық мекемеде ем алып жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы Қызылорда қалалық полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу жөніндегі кітабында тіркелді. Бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылуда. Автокөлік анықталды. Жүргізушісі іздестірілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қызылордада көлік қаққан адам көз жұмғанын хабарлаған едік .

Соңғы жаңалықтар