Қызылордада агроөнеркәсіп саласын қаржыландыру және несиелендіру арқылы 150 жоба жүзеге асырылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада облыс әкімдігінің қауылысымен «Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту-2020» Жол картасы» қабылданды. Құжат авторлары - облыстық кәсіпкерлер палатасы мен ауыл шаруашылығы басқармасы, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
None
None

Жол картасында «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы», «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму-2» мемлекеттік бағдарламаларындағы мақсаттар мен міндеттерді жинақтай отырып, аймақтың кіші және орта бизнесін қолдау жолымен ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді ынталандыру көзделген.

Карта аясында 2020 жылға дейін 150 ірі және шағын жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Аталмыш жобалар республикалық және жергілікті бюджеттен субсидиялау жолымен мемлекеттік қолдау, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Байқоңыр ӘКК» ҰК» АҚ, «Аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС және басқа да даму институттары арқылы лизинг беру, тікелей қаржыландыру, тауарлық несиелендіру арқылы жүзеге асырылатын болады. Нәтижесінде 2020 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 5%-ды құрайды деп жоспарлануда.

Жол картасының маңызды ерекшелігі, халықаралық көлік-логистикалық жүйе құру үшін Қызылорда қаласындағы жаңа халықаралық әуежайдың және «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін кеңінен пайдалануға мүмкіндік туады. Аталмыш мақсатқа жету үшін «Қызылорда қаласында көлік-логистикалық орталығын құру» жобасын жүзеге асыру көзделуде.

Соңғы жаңалықтар