Қызылордада АҚШ доллары қолайлы бағамен еркін сатылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қазақстан Ұлттық банкі 4 ақпанда теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамы "дәлізін" белгіледі. Бұл тұтыну рыногына қалай ықпал жасады? Облыстың екінші деңгейлі банктерінде бүгінгі айырбас бағамы қандай? ҚазАқпарат тілшісі бүгін Қызылордада осы сауалдардың жауабын іздеген еді.
None
None
Сонда анықталғаны: әзірге дүкендер мен базарларда баға өсімі байқала қойған жоқ. Қажетті азық-түлік және басқа да тауарлардың бағалары бұрынғы қалпында тұр. Жалпы, бұрынғы жылдардағы қыс айларында Қызылордада жүзім, қызанақ, қияр секілді сырттан тасымалданатын көкөніс-бақша өнімдерінің бағасы аспандап кететін еді. Биыл мұндай құбылыс байқалмайды. Қысқасы, доллар құнының өсуінен кейін де жұртшылық жабырқайтын жағдай тіркелген жоқ. Тек жанармай бағасының кей жерлерде сәл өскені байқалады. Облыстағы банк филиалдары мен уәкілетті ұйымдардың ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары қандай бағаммен сатылып жатыр? Осы сауалды Ұлттық банктің облыстық филиалының директоры Қызылбай Төлеповке қойған едік. - Біздің филиал Ұлттық банктің жаңа валюта саясатын белгілеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізді. Осының нәтижесінде, бірқатар банктердің филиалдары мен уәкілетті органдардың ақша айырбастау орындарында АҚШ долларының қолайлы бағамен еркін сатылуына қол жеткізілді. Мәселен, "Қазақстан жинақ банкі", "Қазкоммерцбанк", "БТА-банк", "Альянс-банк", "Банк Центркредит", "АТФ Банк" және "Темірбанктің" жергілікті өкілдіктерінде доллардың сату бағамы 151-152 теңгені, сатып алу бағамы 147-149 теңгені құрайды, - деді банк басшысы.
Соңғы жаңалықтар